Жаңалық Редакция таңдауы

Алматыда «Металдар мен қорытпалар» халықаралық саммиті өтті

Саммитте Қазақстанның және басқа да елдердің тау-кен металлургия саласының жетекшілері бас қосты. Қатысушылар жаңа экологиялық шешімдер мен ESG қағидаттарын қолдану тақырыбында ой бөлісті.

Саммит сессиялары аясында қатысушылар өндірістің тиімділігін арттыру бойынша тәжірибелері мен қолданылатын инновациялық технологиялары туралы айтып, тау-кен өндіру саласын дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ ESG қағидаттарын ескере отырып, металлургия өндірісіндегі экологиялық шешімдер тақырыбын қозғады.

Қазір елімізде өндірістік үдеріске деген көзқарастар өзгеруде, «жасыл» экономикаға кезең-кезеңімен көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші пленарлық отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жоспарланған қол жеткізуді атап өтіп,  төмен көміртекті технологияларды енгізу мәселелеріне тоқталған еді. Бұл аспект халықаралық саммитте талқыланатын негізгі тақырып болды.

«Қазір декарбонизация жобаларына ерекше назар аударылуда»,– деді Диляра Еденбаева.

«Төмен көміртекті экономикаға көшу металлургия және тау-кен өнеркәсібі жұмысының маңызды аспектісі болды. Ол үшін қоршаған ортаға зиян келтірмейтін соңғы технологиялар енгізілуде. Мәселен, біз, «Полиметалл Евразия» ЖШС Қазақстанның Энергетика министрлігімен екі күн электр стансасын салу туралы келісімге қол қойдық, бұл кәсіпорындардың жанама шығарындыларын 40 пайызға азайтады».

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button