Жаңалық Редакция таңдауы

Президенттік сайлаудың ресми корытындысы жарияланды

Орталық сайлау комиссиясы кезекті отырысы барысында кезектен тыс президенттік сайлау қорытындысын жариялады.

Осыған дейін 21 қарашада президент сайлауының алдын-ала қорытындысы жарияланған болатын.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы (81,31%) дауыс берген. Ал «Бәріне қарсымын» графасын 460 484 (5,8%) сайлаушы таңдаған.

– Жигули Дайрабаевқа 271 641 (3,42%) сайлаушы;
– Қарақат Әбденге 206 мың (2,6%) сайлаушы;
– Мейрам Қажыкенге 200 907 (2,53%) сайлаушы;
– Нұрлан Әуесбаевқа 176 116 (2,22%) сайлаушы;
– Салтанат Тұрсынбековаға 168 731 (2,12%) сайлаушы дауыс берген.

Сондай-ақ отырыс барысында орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров барша Қазақстандықтарды құттықтап, ел президентінің ұлықтау рәсімі өтетін күнді жариялады.

«2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді», – деді ол.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңның 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button