Жаңалық Арнайы жобалар Фото Редакция таңдауы

Астанада Табылды Досымовтың шығармашылығына арналған «Биіктік» атты кеш өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында қазақтың тұңғыш бард-ақыны Табылды Досымовтың шығармашылығына арналған «Биіктік» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кеш аясында ақынның «Із тастап аққан бір жұлдыз….» кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға таныстырылды.

– Әуезді әуен. Гитара. Қоңыр дауыс. Мұның бәрі қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың бойынан үйлесім тапқан. Қазақ мәдениетіне бардтық өнерді алғаш алып келген талантты жан да осы Табылды Досымов еді. Сыршыл сазгер, өзінің ерекше үнімен, әндерді орындау нақышымен замандастарына қайта оралғандай болды. Бүгін қазақтың дарынды перзентін еске алып қана қоймай, оның құнды мұраларын кітап етіп жарыққа шығарып отырмыз. Бұл қалың қауым үшін мәңгілік тарихи мұра боп сақталады,-деді ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайбергенқызы.

Жиын барысында Табылды Досымовтың шәкірттері мен танымал әншілер және жергілікті өнерпаздар оның шығармашылығы туралы сыр шертсе, ән өнеріндегі досы Елена Әбдіхалықова ақынның әні мен сөзіне жазылған әндерін шырқады.

Ақынның еске алу кешіне жұбайы Қарлығаш пен ұлы Абыл және қазақтың бірқатар маңдайалды өнерлі тұлғалары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Омаров Бауыржан, «TURKISTAN» халықаралық саяси апталығының бас редакторы, ақын Бауыржан Бабажанұлы және өнер сүйер қауым қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button