Жаңалық Редакция таңдауы Зерттеу

Ауыл балалары қосымшаларға қатыспайды (сауалнама)

Мектеп бағдарламасынан тыс қосымшалар сабақта немесе отбасында үйретпейтін дағдыларды игеруге септігін тигізеді.

Ескерту: Ақпарат «Ауыл отбасының әлеуметтік портреті» әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерінен алынды.

Әдетте үйірмелер мен қосымшалар тәжірибелі тәлімгерлермен, белгілі бір кестеге сәйкес өтеді де, бала қабілеттерін дамытуға бағытталады. «Үйірмелерге қатысатын балаларда командада жұмыс істеу, тайм-менеджмент, мақсатқа ұмтылу, тәуелсіздік және қарым-қатынас жасау қабілеттерін жақсы дамиды», – дейді сарапшылар.

Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, Қазақстандағы ауыл балаларының тек 26,5%-ы ғана қосымша сабақтарға, үйірмелерге қатысады. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі (73,5%-ы) балаларының қосымша білім беру ұйымдарына бармайтынын айтты.

https://youtu.be/dRhr9aXZCmY

Ауыл балалары қосымша біліммен неғұрлым көп қамтылған ел өңірлерінің арасында Маңғыстау облысы көш бастап тұр. Маңғыстау облысы тұрғындарының 70,9%-ы балаларының үйірмелерге қатысатынын атап өтті. Ең аз қамту Павлодар (100%), Солтүстік Қазақстан (84,0%) және Алматы (84,1%) облыстарында тіркеледі, мұнда балалардың 80%-дан астамы қосымша сабақтарға қатыспайды.

Бұл жағдайда материалдық фактор да орын алады. Мәселен, нашар тұратын респонденттер арасында қосымша білім беру ұйымдарына бармау деңгейі 90,9%-ды құрады.

 

Мәліметтер респонденттердің білім деңгейіне байланысты да ерекшеленеді. Білімді ата-аналардың балалары үйірмелерге жиі баратыны белгілі. Орта білімі барлар арасында балалардың қосымша сабақтарға қатысу пайызы 20,6%-ды, аяқталмаған жоғары білімі барлар арасында – 47,6%-ды, ал жоғары білімі бар респонденттер арасында – 27,9%-ды құрады

Респонденттердің жас шамасы бойынша корреляция анықталды: жас респонденттердің балалары 30 жастан асқан респонденттердің балаларына қарағанда үйірмелерге сирек барады, бұл балалардың жас ерекшеліктеріне де байланысты.

30 жасқа дейінгі респонденттердің балалары қосымша білім беру ұйымдарына баруға әлі кішкентай. Балалары қосымша сабақтарға/үйірмелерге қатысатын респонденттердің ең көп үлесі 46-60 жас санатына жатады. Үлкен жастағы ата-аналар балаларына қосымша инвестиция салу қажеттілігін көбірек түсінсе керек. Сондай-ақ, 46-60 жас аралығындағы респонденттер арасында немерелеріне қосымша білім беруді ұйымдастыруға көп уақыт бөле алатын әжелер мен аталардың үлесі зор болуы әбден мүмкін.

Ауыл отбасыларынан шыққан балалардың қосымша білім беру ұйымдарына бармауының басты себебі – ауылдарда қосымша білім беру инфрақұрылымының жоқтығы (бұл туралы сұралғандардың 44,4% мәлімдеді).

https://youtu.be/4ki05BZjrEU

Балалардың үйірмелерге қатыспауының тағы бір маңызды себебі – балалар тарапынан қосымша сабақтарға қызығушылықтың болмауы (17,0%). Респонденттердің 16,1%-ы қосымша сабақтарға балалардың бармауын ақы төлеуге қаражаттың жоқтығымен түсіндіреді.

Көбіне елді мекендерінде қосымша білім беру инфрақұрылымының жоқтығын Атырау (78,3%), Шығыс Қазақстан (64,7%) және Қостанай (58,1%) облыстарының тұрғындары атап өтті. Маңғыстау (50%), Солтүстік Қазақстан (38,1%) және Түркістан (31,3%) облыстарында респонденттер басқаларға қарағанда үйірмелерге ақы төлеу үшін қаражаттың жетіспейтіндігін айтқан.

«Ауыл отбасының әлеуметтік портреті» әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button