Жаңалық
Редакция таңдауы
Биыл әлем халқының саны 8 миллиардқа жетеді - БҰҰ
2022 жылдың 15 қарашасына қарай әлем тұрғындарының саны 8 миллиард адамға жақындайды. Ал 2023 жылы Үндістан әлемдегі ең көп қоныстанған ел болады. Мұндай болжам БҰҰ есебінде жарияланды.
1950 жылдан бастап әлем халқы баяу қарқынмен өсіп келе жатқаны байқалды. БҰҰ-ның соңғы болжамдарына сәйкес, планета тұрғындарының саны:
- 2030 жылы – 8,5 млрд адамға;
- 2050 жылы – 9,7 млрд адамға;
- 2080 жылы – 10,4 млрд адамға жетеді.
Бұл көрсеткіш шамамен 20 жыл бойы өзгеріссіз қалады.