Жаңалық
Редакция таңдауы
Дзюдодан әлем чемпионатына Қазақстанның атынан кімдер қатысуда?
Бүгін Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Ел намысын қорғайтын спортшылар:
Ерлер
60 келіге дейін: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин;
66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев;
73 келіге дейін: Данияр Шамшиев;
81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар;
90 келіге дейін: Дидар Хамза;
100 келіге дейін: Ислам Бозбаев пен Нұрлыхан Шархан;
100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев.
Әйелдер
48 келіге дейін: Абиба Абужакынова;
52 келіге дейін: Гаухар Ирмағамбетова;
57 келіге дейін: Севара Нишанбаева;
63 келіге дейін: Мөлдір Нарынова мен Есмигул Куюлова;
70 келіге дейін: Анастасия Маякова;
78 келіге дейін: Аруна Джангельдина;
78 келіден жоғары: Камила Берліқаш.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 6-12 қазан аралығында өтеді.