Редакция таңдауы
Арнайы жобалар
Фото
Түркістанның тарихынан сыр шертетін көрме ашылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұлттық мереке 25 қазан – Республика күні мен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қорынан ҚР Ұлттық музейінде «Мыңжылдықтар тоғысындағы Түркістан» көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Тарихы терең Түркістанның түркі әлемінің руханияты үшін орны ерекше. Қаланың басты жауһары – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енгізілгеніне мерейлі 20 жыл болды.
Көрменің мақсаты – əлемдік өркениеттегі дала мəдениетінің өзіндік орнын айшықтап көрсету, сонымен қатар түркі мәдени мұрасын насихаттау, түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымықтастықты одан әрі тереңдету.