Жаңалық Арнайы жобалар Фото Редакция таңдауы

Ұлттық музейде суретші Жұмақын Қайрамбаев пен шәкірттерінің көрмесі ашылды

Ұлттық музейде суретші Жұмақын Қайрамбаев пен шәкірттерінің көрмесі ашылды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Бүгін, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық музейде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жұмақын Қайрамбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «IZDER IV: ПЕРІШТЕ ІЗІ» атты топтық көрменің ашылу салтанаты өтті.

Мәдени іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан сөз сөйледі.

Жұмақын Қайрамбаев – еліміздегі талантты суретшілердің бірі де бірегейі. Оның қылқаламынан туған туындылар көременнің көзайымына айналып жүр. Ол тек, ғана суретші емес. Сонымен қатар, ұстаз. Артынан Қазақстанға ғана емес, әлемге танымал таланттарды тәрбиеледі. Жұмақын Қайрамбаевты 70 жас мерейтойымен және бүгінгі ашылғалы тұрған туындылар көрмесімен шын жүректен құтттықтаймын! Шығармашылық табыстар тілеймін, – деді депутат.

«IZDER IV: ПЕРІШТЕ ІЗІ» көрмесінде Жұмақын Қайрамбаевтың және 13 шәкіртінің қылқаламынан туған туындылар көрерменге ұсынылды.

Бүгінгі іс-шараның ерекшелігі – мен ұстаздық еткен шәкірттерімнің, 40 жыл бойы қалыптасқан мектеп істеген жұмыстардың көрермен назарына жол тартуы. Бұл жерде, ел ағасы атанғандардан бастап, жас суретшілердің туындылары бар. Былайша, айтқанда ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырдық. Бірақ, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Әлі де жұмыстануды жалғастырамыз, – деді Ж.Қайрамбаев.

Айта кетейік, көрермен назарына 14 автордың 58 жұмысы қойылды. Аталған көрменің жұмысы 4 желтоқсанға дейін жалғасады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button