Мақала

Диктант жазайық!

Соңғы рет диктант қашан жаздыңыз?

21 тамыз күні Тіл сарайында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңындағы онкүндіктің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шарада сөз алған Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев латын негізді қазақ әліпбиінде диктант жазу шарасымен басталған бұл онкүндік 5 қыркүйек – Тілдер мерекесіне дейін жалғасатынын айта келе, эстафетаны “Достық үйі – Қоғамдық келісім” орталығының директоры Тәңірберген Қасымберкебаевқа салтанатты түрде табыс етті. Сондай-ақ, эстафета «Nur Otan» партиясының облыстық және қалалық филиалдарына, облыстық дін істері, мәдениет, архивтер және құжаттама, ішкі саясат басқармаларына, Рухани жаңғыру орталығына, Журналистер үйіне,  Жастарға қызмет көрсету орталығына, Оқушылар сарайына жолданды.

Онкүндік аясында «Жастар жырлайды», «Текті сөздің төресі – терме» байқауы, «Тілдарын – 2019» облыстық олимпиадасы, «Мемлекеттік тіл – еліміздің тұғырлы тірегі» атты дөңгелек үстел, Славян жазуы күндері, «Өзім туралы» этнос өкілдері арасында әлеуметтік желі арқылы эссе жазу акциясы, латын негізді әліпбиді оқыту, үштілділік бойынша ашық есік күні ұйымдастырылатын болады.

 

2017 жылдан бастап Қазақстан халқы тілдері мерекесі 5 қыркүйек яғни, Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс аталатын болды.  Осы айтулы мереке қарсаңында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы онкүндік ұйымдастырған болатын. Мереке қарсаңындағы онкүндіктің  ашылу салтанатынан кейін, шараға жиналғандар Тіл сарайының мәжіліс залына және “Тіл” оқу-әдістемелік орталығының оқу кабинеттеріне жайғасып, диктант жазуға қатысты. Латын негізді қазақ әліпбиінде диктант жазу ендігі кезекте эстафетаны қабылдап алған (Достық үйі, “Nur Otan” партиясының облыстық және қалалық филиалдары, облыстық дін істері, мәдениет, архивтер және құжаттама, ішкі саясат басқармалары, Рухани жаңғыру орталығы, Журналистер үйі, Жастарға қызмет көрсету орталығы, Оқушылар сарайы) мекемелерде 5 қыркүйек –  Тілдер мерекесіне дейін жалғасатын болады.

 

Алматы облысы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисі 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button