Мақала

Қанқа көлдің құпиясы

Халықаралық ғалымдар тобы Гималайдағы теңіз деңгейінен 5000 метр биіктікте орналасқан Роопкунд көлінде (Қаңқалар көлі) жүздеген қаңқалардың пайда болуының себебін анықтады.

Зерттеушілер 72 адамның қалдығына митохондриялық ДНҚ талдау өткізген. Зардап шеккендердің көпшілігі қазіргі үнді халқына тән гаплогруппалар. Батыс еуразиялық популяцияларға тән гаплогруппалар да анықталған.

38 адамның қалдығын зерттеген ғалымдар мынадай тоқтамға келген: олар кем дегенде үш топтан құралған. Бірінші топ 23 адамнан тұрады. Олардың түбі үнділерге тиесілі. 14 адамнан тұратын екінші топ Шығыс Жерорта теңізі, Крит және Греция тұрғындарына ұқсайды. Үшінші топ бір-ақ адамнан тұрады және Оңтүстік-Шығыс Азия адамдарына ұқсайды. Мұның бәрі Роопкунд көліне әлемнің түкпір-түкпірінен адамдардың келгенін білдіреді.

Бастапқыда ғалымдар бұл жерге келген адамдар табиғи апат салдарынан қайтыс болды деп болжам жасаған. Алайда жаңа деректер мыңдаған жылдар бұрын адамдар көлге әр түрлі уақытта келіп, қайтыс болғанын анықтаған. Оларды мұнда не жетелегені және өліміне не себеп болғаны белгісіз.

massaget.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button