Мақала

Әлемнің үздік кітаптары

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университетінде “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы аясында қазақ тіліне аударылған кітаптардың тұсаукесері өтті.

 

 

Іс-шараның басты мақсаты – білім беру үдерісінде жаңа оқулықтарды сапалы әрі кешенді пайдалануды жолға қойып, студенттерді кітапхана ресурстарымен таныстыру.

 

Бұл кітаптарды Оксфорд, Гарвард, Принстон сияқты әлемнің үздік жоғары оқу орындарының студенттері оқиды. Оқулықтар аналитикалық ойлау, прагматизм сияқты қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі және студенттердің ой-өрісін кеңейтеді.

 

ШҚМТУ кітапханасында Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы аясында жарық көрген 49 түрлі кітап 4000 данамен бар. Алдағы 2 жылда қалған 51 оқулық кітапханаға түседі деп күтілуде.

 

Ғылыми кітапхананың жетекшісі Гауһар Әкімжанованың айтуынша, білім алушыларды экономика тақырыбындағы кітаптар қызықтырады.

 

Мысалы, Клаус Швабтың “Төртінші индустриалды революция” атты өте қызықты кітабы аударылған. Мазмұнда біздің өмірімізді, еңбегімізді және біздің қарым-қатынасымызды түбегейлі өзгертетін революцияның бастауында тұрамыз деп айтылған. Ауқымы, көлемі мен күрделілігі бойынша – бұл Төртінші өнеркәсіптік революция деп саналатын құбылыс, адамзаттың барлық алдыңғы тәжірибесінде теңдесі жоқ. Ресми бөлімнен кейін студенттер мен магистранттар әдебиетпен жақынырақ танысты.

 

Шығыс Қазақстан облысы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button