Мақала

Республикалық жас ақын-жазушылар форумы

Мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған Республикалық жас ақын-жазушылар форумыны Қарағанды қаласында басталды.

Әлемдегі көптеген ұлттар мен ұлыстардың дамуының негізі оның мәдениеті мен мәдени әлеуетінің дамуында жатыр. Кез-келген халықтың мәдениеті ұлттық тарихтан тамыр тартып, ата-бабалардан қалған асыл мұраны жан-жақты игерумен өлшенеді. Біздің ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз бен руханиятымыз ұлттық рухпен астасып, ұрпақ жадында ұмытылмауы тиіс.

 

Абайдың данышпандығы, Әуезовтың кемеңгерлігі, Сәкеннің сұлу жырлары, Құрманғазының сиқырлы күйлері – біздің мәдени-рухани мұрамыздың ажырамас бөлшегі.

 

2019 жылдың 19-20 қыркүйегі күндері Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған Республикалық жас ақын-жазушылар форумы  өтуде.

 

Форумға Қазақстанның танымал ақын-жазушылары, еліміздің облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан келген жас әдебиетшілер, Қарағанды облысының ЖОО студенттері және шығармашыл жастары қатысады. Қатысушылардың жалпы саны – 200 адам.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button