Мақала

Елордада тегін дәрістер өткізіледі

Қазақстандық профессорлар Нұр-Сұлтанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша тегін лекциялар өткізеді.

Алдағы уақытта қазақстандық профессорлар мен қоғам қайраткерлері «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында тегін лекциялар өткізетін болады. Лекциялардың басты тақырыбы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарына негізделген.

 

Тегін дәрістер әр аптаның дүйсенбі, сейсенбі күндері, сағат 9:00-де «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында өтеді. Дәрістер тарих, дәстүр, дінтану, жаһандану тақырыптарында жүргізіледі. Ол сонымен қатар азаматтардың өзін-өзі үздіксіз дамытуы мен жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

 

Аталған шара елордалық Қоғамдық даму істері басқармасының бастамасымен Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының аясында өткізілмек..

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинарлар кезінде халықтың барлығын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қатыстыру үшін    ғылыми-әдістемелік және консультативтік қолдау көрсетіледі.

 

Ақпараттық-түсіндірме жұмысымен халықтың барлық тобын, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, білім, спорт, мәдениет, жастар саласы мен ҮЕҰ қамту көзделіп отыр. Ал курс соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Нұр-Сұлтан қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button