Мақала

«Atamnyn Amanaty» челленджі басталды

«Atamnyn Amanaty» челленджі басталды

Қазақстандықтар Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай челлендж жариялады.

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі Рухани жаңғыру ҚҚДИ КеАҚ және «Жас Ұлан» ББЖҰ қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай әлеуметтік желілерде #AtamnynAmanaty75, #ruhkz хештегтерімен челлендж жариялады.

«Күллі әлем мен тұтас еліміздің басынан өтіп жатқан пандемия мен ережелерге қарамастан, алдағы уақытта бізді маңызды дата – Ұлы Жеңістің 75 жылдығы күтіп тұрғанын ұмытпадық. Сол себепті серіктестерімізбен бірігіп, әлеуметтік желілерде #AtamnynAmanaty75, #ruhkz хештегтерімен челлендж жариялаймыз. Қазақстандықтарды челленджге қатысуға шақырамыз», – деді PR және медиа-коммуникация Басқармасы мен «Рухани Жаңғыру» ҚҚДИ КеАҚ өкілдері.

Ол үшін отбасылық мұрағатта сақталған әкесі, атасы, арғы атасы немесе жақын туыстары майданда жүргенде жазған хаттар желісі арқылы шағын ролик түсірілуі немесе естелік фотосуреттер жіберілуі тиіс. Сондай-ақ соғыс жылдарындағы аз-кем тарихтан сыр шертіп, тыл жұмыстарын бейнелеу, болмаса отанды қорғап, жанын қиған, тыл жұмыстарында еңбек еткен аталарына алғыс ретінде өлең, ән, сурет және т.б. арнауы керек. Қорытынды бейнені немесе фотосуретті пост ретінде Instagram желісіне #AtamnynAmanaty75, #ruhkz хештегтерімен жариялауы қажет.

Акция тек Instagram желісімен шектеліп қалмайды. Аталған хэштегтерді өзге де әлеуметтік желілерде қолдануға болады. Айта кетелік, шараның ақпараттық серіктесі – Ruh.kz порталы.

Акцияның мақсаты – соғысқа қатысқан батырлардың ерліктерін жадында сақтап, келер ұрпаққа естеліктерін қалдыру, жастардың азаматтық-патриоттық және рухани-адамгершілік тұрғысындағы тәліміне үлес қосу.

Аталған мерекелік іс-шара Ресей Федерациясы мен Беларусь мемлекеті аумағында өтетін халықаралық акциялар желісінде өткізіледі. Ұлы Отан соғысы жылдары майданға 1,5 миллион отандасымыз аттанды (1 500 000). 600 000-нан астамы қайтып оралмаған.

«Миллиондаған адамның өмірі мен тағдырын жойған, қанға малынған Ұлы Отан соғысына қатысқан солдаттардың көрсеткен ерліктерін келер ұрпаққа естелік ету – парызымыз. Қазір және алдағы уақытта да Ұлы Жеңістің бағасын біліп, есте сақтауымыз керек, – деді «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Молдағалиев.

Науқан 20 сәуірде басталады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button