Мақала

Бір ескерткіштің тарихы

Бейнеу ауылының орталығында Анаға тағзым» ескерткіші бой көтерді.

Ескерткіштің өн бойында өзіміздің өңірімізге тән айшықтар бейнеленген. Осы сәулет туындысын жасатып,  демеушілік жасап, жаңа сәулет нысанының бой көтеруіне ықпал еткен Сұңғат Бөрібайұлы мен Гүлмира Тәжмағамбетқызы болатын.

Бұл ескерткіш Маңғыстаудың төл перзенті, бейнеулік сәулетші Салаев Болатбек Еркебайұлының туындысы.  «Анаға тағзым» ескерткіші арқылы Ананың балаға деген мейірімділігін жеткізген және әйел бейнесі арқылы қазақ қыздарының инабаттылығын, биязылығын, қазаққа тән мінезін сипаттаған.

Киім-кешектегі әр ою-өрнек салт-дәстүріміздің  болмысын сипаттайды. Ананың басындағы кимешегі өскелең ұрпаққа қазақи тәлім-тәрбие беріп тұрғандай.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button