Мақала

ҚарМУ кімдерді түлетті?

Қазақстанның даму жолында еңбек етіп, өз саласының маманына айналған тұлғалардың қайда оқығаны туралы, еліміздегі ЖОО-ның кімдерді түлеткені туралы ақпар беретін айдарымыздың алғашқы санын Қарағанды Мемлекеттік университетінен бастамақпыз. 

Аталмыш ЖОО түлектерінің басым бөлігі әр жылдары саяси қызметтер атқарған. Сонымен 1938 жылы ашылған ҚарМУ-нің түлектеріне кезек берейік.

Асхат Аймағамбетов – ҚР Білім және ғылым министрі.

Оралбай Әбдікәрімов – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Майра Айсина – ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған. ҚР Парламенті Мәжілісінің IV-VI шақырылым депутаты.

Аманжол Әлтаев – айтыскер ақын.

Қайша Атаханова – қазақ және кеңес биологі. «Голдман» сыйлығының лауреаты.

Гүлнар Бижанова – ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты.

Асылбек Бисенбаев – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Журналист.

Геннадий Головкин – қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы.

Ерлан Досмағамбетов – инженер, заңгер, экономика ғылымының кандидаты.

Нұрлан Дулатбеков – заң ғылымының докторы, профессор. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің ректоры.

Ермұхамет Ертісбаев – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, ҚР Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Кеңес Жұмабеков – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.

Салидат Қайырбекова – медицина ғылымдарының докторы. ҚР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған.

Берік Кәмәлиев – ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары, ҚР Көлік және коммуникациялар министрі қызметтерін атқарған.

Ерлан Қожағапанов – ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметтерін атқарған.

Арман Қожахметов – ҚР Парламенті Мәжілісінің V, VI шақырылым депутаты.

Андрей Лукин – Франциямен ынтымақтастық тобының мүшесі, ҚР Парламент Сенатының депутаты.

Бейбіт Мамраев – филология ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия халықаралық экономикалық академиясының толық мүшесі.

Талғат Мұхтаров – генерал-лейтенант, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Жұмағали Наурызбай – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. 1996-2000 жылдар аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметін атқарды.

Нұржан Нұрсипатов – ҚР Парламент Сенатының депутаты.

Серік Сапиев – боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Ералы Тоғжанов – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Рашид Түсіпбеков – 2009-12 жылдар аралығында ҚР Әділет министрі қызметін атқарған.

Рауан Шаекин – 1999-2016 жылдар аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button