Мақала

КӨКПАР ЖҮЛДЕСІ

Ұлттық көкпар спортын ұлықтау мақсатында күні кеше Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылында нағыз ерлер сайысы өтті.

 

Ауызбіршілік танытқан ауыл тұрғындары, өздері қаражат жинап ұйымдастырған көкпардың жүлдесіне жеңіл автокөлік тіккен.

 

Ауылдағы аламанға Қызылорда қаласы, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Түркістан облысының шоқпар білекті жігіттері қатысты.

 

Темір тұлпар 200 балуанның арасынан суырылып шығып, тақымындағы серкені қазандыққа тастаған Жасұлан Айтбайға бұйырды.

 

Қызылорда облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық офисі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button