Мақала

« Поэзия падишасы – бояулар тілінде » атты симпозиум

Республикалық суретшілерінің симпозиумы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 2019 жылдың 8-13 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Тәуелсіз еліміздің салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, ғасырлардан сыр шерткен қасиетті мәдени сәулеттік ескерткіштерді, тарихи орындар мен ұлттық өнерімізді,тамаша табиғатымызды насихаттау мақсатында еліміздің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, халық суретшілері, талантты қылқалам шеберлері, кескіндемелік жұмыстар жасап, өзара тәжірибе және пікір алмасуды жүзеге асырады.

Шындық, қайсарлық, махаббат, философиялық ойларды жазған халқымыздың ардақты ақыны, халық жазушысы, журналист Ф.Оңғарсынованың шығармашылық поэзиялары мен аудармаларын, лирикалық өлеңдерін кескіндеме өнері арқылы халыққа жеткізу, насихаттауды мақсат еткен симпозиумға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айнабек Оспанов (Шымкент қ.), Сейсенхан Махамбетов (Нұр-Сұлтан қ.), Ерлан Айтуаров (Қарағанды қ.), Өсербай Шоранов (Павлодар қ.), ҚР мәдениет қайраткері Серік Тайнов (Алматы қ.), Атырау суретшілер филиалының төрағасы Айса Утаралиев (Атырау қ.), ҚР Көркемсурет академиясының академигі Қамбарбек Аманов (Атырау қ.), ҚР Дизайнерлер, ҚР Білім беру ісінің үздігі Әділхайыр Жантасов (Атырау қ.), ҚР Суретшілер, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі Манарбек Давлетьяров (Атырау қ.), Педагогика ғылымдарының кандидаты Еркін Қоянғалиев (Атырау қ.), ҚР Суретшілер Одағының мүшелері Дастан Оразханов (Тараз қ.), Ерғали Палымбетов (Шымкент қ.), Бақтыгерей Телеубай (Атырау қ.) қатысады.

 

Қатысушылар Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына арқау болған кейіпкерлерді, лирикалық қаһармандар, туған жердің мезгілдеріне арнаған тақырыптық картина және этюдтік жұмыстарын бейнелейді.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button